Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда мұғалімдерге КВИ-ға қарсы вакцина салынып жатыр

2021 жылдың 4 наурыз 2021 15:46

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында мұғалімдер «Спутник V» вакцинасын қабылдай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тараз қалалық емханаларында жалпы білім беретін орта мектептердің педагогтарына коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын егу басталды. Оны алғашқылардың бірі болып облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмила Бекбатырова салдырды.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағанғандай, ол вакцина қабылдар алдында дәрігердің тексерілуінен өтіп, қарсы көрсетілімдері болмаған соң, алғашқы егуді алды. Дәрігердің бақылауында 30 минуттай болған Жәмила Бекбатырова өзін жақсы сезінетіндігін айтты.

№5 және «ZHANUYA» қалалық емханаларында таң атқалы басталған егу науқанына білім саласының қызметкерлерінің барлық тобы өз еріктерімен толастамай келуде. Осы күні кешке дейін 45 адамға вакцинация жасалады деп жоспарланған.




Өңірге Қарағанды фармацевтикалық зауыты базасында өндірілген «Спутник V» вакцинасының 5250 дозасы жеткізілді. Вакцина салдыратындардың тізімі жасалып, емханаларға берілді. Осы санаттағы адамдарға вакцина салу үшін облыста 20 емдеу мекемелері, оның ішінде Тараз қаласында - 9, Шу қаласы және облыстың 10 аудандық емханалары жұмыс істеуде. Барлық жұмылдырылған емханаларда егу жұмыстарын жүргізу санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Жамбыл облысы бойынша ағымдағы жылы вакцинаның түсуіне қарай 18 жастан асқан 593700 адамды COVID-19-ға қарсы вакцинациялаумен қамту жоспарлануда. Бұл – облыс халқының жалпы санының 52%-ы. Бұдан басқа, кейіннен халықтың қосымша осал топтарын қоса отырып, контингентті кеңейту көзделуде.

Қазақстанда жұқпалы ауруларға, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация тегін, ерікті түрде және вакцинациялауға ниет білдірген адамның ақпараттандырылған келісімімен жүргізіледі. Коронавирусқа қарсы иммундау ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасады.


Жоғары қарай