Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда малшыға күш қолданып, қойларын алып кеткендер ұсталды

2021 жылдың 29 шілде 2021 08:35

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында малшыға күш қолданып, төрт қойды алып кеткен үш жігіт анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жуалы аудандық полиция бөліміне 30 жастағы Қарабастау ауылының тұрғыны xабарласып, ауыл маңындағы жайылымда 61 жастағы малшыға белгісіз үш адамның күш қолданып, төрт бас қойды алып кеткені туралы арыз жазған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жәбірленушіге жалпы құны 240 000 теңге шамасында материалдық шығын келтірілген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 19-бабымен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 20-22 жас аралығындағы күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.


Жоғары қарай