Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Жамбылда Қырғызстанмен шекарадағы блок-бекеттен бір тәулікте 120-дан астам адам өткен

2020 жылдың 22 наурыз 2020 16:37

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы Қырғыз Республикасымен шекарада орналасқан блок-бекеттен бір тәулікте 120-дан астам адам өткен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Айша-бибі» шекаралық бекетінде болып, кедендік және шекаралық қызметтердің, сондай-ақ Қырғызстаннан келген азаматтарды тексерумен айналысатын медицина мамандарының қызметімен танысты. Өткен тәулікте бұл бекет арқылы 124 адам өтсе, оның ішінде дене қызу бар немесе 1а, 1б, 2 және 3 санаттағы елдерден келушілер тіркелмеген.




Облыс әкімі қауіпсіздікті қамтамасыз ету және денсаулықты сақтау бойынша қойылып отырған міндеттерді барынша сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтіп, салалық ведомстволар мен Жамбыл ауданының әкімдігіне бірқатар тапсырмалар жүктеді.





Жоғары қарай