Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Жамбылда коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

2020 жылдың 25 мамыр 2020 11:58

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 24 жастағы жүкті әйел босанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысында 24 мамыр күні коронавирустық инфекцияның 33 жағдайы тіркелді.

Атап айтқанда, Тараз қаласында 29 оқиға анықталды, оның ішінде 4 жастан 41 жасқа дейінгі 28 тұлға бар. Олардың бәрі бұған дейін ауырғандармен байланыста болғандар.

Сондай-ақ, дерт 24 жастағы жүкті әйелден анықталды, ол 23 мамыр күні перзентханаға жатқызар алдындағы жоспарлы тексеруден өткен. Келіншек сол күні босанды. Бала мен ананың жағдайы қанағаттанарлық. Сәбиді КВИ-ға тексеру жүргізілуде.

Бұдан бөлек, Байзақ ауданының 1966, 2004, 2017 және 2018 жылы туған төрт тұрғынынан да инфекция анықталды.

Ағымдағы жылдың 24 мамырындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының аумағында коронавирустық инфекцияның 292 жағдайы тіркелді.

Ауырғандардың ішінен 171 адам сауығып, дәрігерлердің бақылауындағы үй карантиніне шығарылды.


Жоғары қарай