Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда көпбалалы әкелер жәрдемақыны заңсыз алып келген

2021 жылдың 14 шілде 2021 07:53

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындауға мониторинг жасалды. Оның барысында мемлекетке 14 млн теңгеден астам залал келгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған бұзушылықтарды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті анықтаған. Бұл туралы департамент басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев «Antikor» орталығында өткен брифингте айтты.

Спикердің айтуынша, көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау кезінде отбасы құрамында тірі туған, асырап алынған, сондай-ақ қамқорлыққа алынған балалар, егер олар басқа ата-анасының отбасында ескерілмеген болса, жиынтық балалар ескеріледі.

Өз кезегінде аталған қағиданың 9-тармағына сәйкес, өтініш беруші бірге тұратын балалардың көпбалалы отбасына жәрдемақы тағайындау туралы өтініште көрсете отырып, балалардың бірлескен тұрғылықты мекенжайын растайды.

Бұл ретте ҚР Азаматтық кодексінің 16-бабына сәйкес он төрт жасқа толмаған балалардың заңды өкілдерінің тұратын жері олардың тұрғылықты жері болып танылады.

«Ерлі-зайыптылар арасында неке бұзылған жағдайда ата-ананың біреуімен балалардың бірге тұруы сот шешімімен расталады. Алайда, бірнеше жәрдемақы алатын азамат өтінішінде балалары бірге тұрады деп көрсеткенімен, сот шешімімен олардың шешесімен тұратыны белгілі болған»,-дейді Р. Төлебаев.

«Азаматтарға арналған үкіметтен» көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақының ата-аналар арасынан тек әкесі тарапынан өтініш білдіргендер туралы ақпарат сұратылып, ол тізім бойынша қалалық сот шешімімен сәйкестендіріліп, қаралды.

«Бас тартылған қалған істер бойынша жәрдемақы алушылар артық төленген соманы ерікті түрде қайтаруға міндеттеніп отыр. Зерттеу барысында 27 төлем алушы бойынша 14 337 143 теңге артық төлемді құрады. Артық төленген сомадан 150 000 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Көпбалалы отбасылар, әдетте, аз қамтылғандықтан, ақшалай қаражатты қайтаруды олар біртіндеп жүргізіледі. Сондай-ақ, тағы 38 төлем алушы бойынша тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр. Ал 18 төлем алушы ай сайын жәрдемақыны алу үшін, өтінімдерінде дұрыс емес ақпарат енгізу арқылы бірге тұратын балалар санын көбейткен. Аталған азаматтардың іс-әрекетінде алаяқтық белгілерінің байқалуына байланысты шешім қабылдау үшін полиция департаментіне жолданды», — дейді департаменттің басқарма басшысы Дәурен Омаров.

Жәрдемақының заңсыз тағайындалуына әкеп соққан басты фактордың бірі - көрсетілетін қызмет стандартында Азаматтарға арналған үкімет қызметкерлерінің құжат қабылдау кезінде сот шешімін талап ету құқығының болмауы.

​Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда 124 адамның ішінен 59 отбасы жәрдемақыны заңға сәйкес алып отыр.

«27 іс өтініш берушінің бірге тұратыны туралы жалған мәлімет ұсынуына байланысты бас тартылды. Оның ішінде 2 төлем алушы бойынша әкесімен бірге тұрмайтын балаларды есепке алмай, жәрдемақы мөлшерін азайту жағына қарай қайта есептеу туралы шешім бекітілді», — деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Райхан Назарова.


Жоғары қарай