Ауа райы
Астана 26 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Жамбылда қоғамдық көлік жүргізушілері бір аптада 2 мыңнан астам жол ережелерін бұзған

2019 жылдың 20 қазан 2019 08:56

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында «Автобус» жедел алдын алу шарасы барысында бір аптада 4386 құқық бұзушылық анықталды. Оның 2171-і қоғамдық көліктердің жүргізушілері жасаған жол ережелерін бұзу оқиғалары, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылдың 10-17 қазаны аралығында Жамбыл облысы аумағында ІІО 419 қызметкерінің қатысуымен «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

«Жылдамдықты арттыруға байланысты ҚР ӘҚБтК 592-бабы бойынша 385 факт тіркелген. Сондай-ақ, 343 жүргізуші маневр жасау ережелерін сақтамаса, 316 адам жүргізу кезінде телефонды пайдаланған және тағы да басқа құқық бұзушылықтар анықталды. Іс-шара барысында 20 қоғамдық көлік айып тұрағына қамалды»,-дейді полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Бауыржан Өдергенов.

Айта кетейік, «Автобус» жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде өңірде автобустардың қатысуымен жол-көлік оқиғалары тіркелмеген.

Жоғары қарай