Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.77
EUR 457.91
RUB 5.77
CNY 57.42

Жамбылда борышкерлерден 11 млн теңгеден астам берешек өндірілді

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 22:32

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер 24-26 қыркүйек аралығында облыс аумағында «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара әкімшілік айыппұл салу туралы қаулыларды орындау, яғни ішкі істер органдарының қызметкерлері салған әкімшілік айыппұлдарды барынша өндіріп алуды көздеген.

«Алдын алу іс-шарасының бірінші күні сот орындаушыларының қаулысы бойынша мамандандырылған тұраққа 83 борышкердің көлігі жеткізілді. Тараз қаласының полиция басқармасы қызметкерлері қаладағы 737 борышкердің мекен-жайына аралап шықты», - делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, іс-шараның екінші күнін биылғы 904 әкімшілік материал бойынша өндіріп алынған сома 8,5 миллион теңгені құрап, жалпы өндірілген сома 11 миллион теңгеден асты.

Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920