Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жамбылда биыл егістік көлемі 700 мың гектардан асады

2020 жылдың 3 сәуір 2020 03:13

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылы өңіріміздегі ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының көлемін 687,1 мың гектардан 710,0 мың гектарға жеткізу көзделген.

​Бүгінге дейін жергілікті диқандар жерді жыртып, оның басым бөлігін өңдеп, дәнді дақылдарды себу шараларын белсенді атқаруда.

Атап айтар болсақ, ағымдағы жылдың наурыз айының соңындағы аудандардың мәліметі бойынша 93277 гектарда көктемгі жер жырту жұмыстары атқарылып, 99,2 пайызды, 292035 гектар жер өңделіп, 71,6 пайызды, жаздық масақты дәнді дақылдар 168879 гектар алқапқа егіліп, 81,1 пайызды құрап отыр.

Оның ішінде дәнді және дәнді бұршақты дақылдар 365,3 мың гектар, майлы дақылдар 64,2 мың гектар, қант қызылшасы 7,2 мың гектар, картоп 10,5 мың гектар, көкөніс-бақша дақылдары 51,5 мың гектар, мал азығы дақылдары 211,3 мың гектарды құрайды деп күтіліуде. ​

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін тыңайтқышпен қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа 2 мың тонна минералды тыңайтқыш алынбақ. Өткен айда 50,0 миллион теңге бөлініп, толық игерілген.

​Айта кету керек, көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындық жұмыстары барлық аудандарда жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Облыстық ауылшаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша өңірімізде барлығы 8 419 ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Бүгінде соқалар, қопсытқыштар, дән сепкіштер, тұқым дәрілегіш техникалардың барлығы көктемгі дала жұмыстарына толығымен дайын.

​Ол ғана емес, көктемгі дала жұмыстарына ҚР Үкіметі тарапынан облысқа 18,3 мың тонна кепілдендірілген дизель отыны бөлінген десек, қазіргі таңда операторлар белгіленіп мұнай зауыттарына қаражат аударылып дизель отының жеткізу жұмыстары жүргізілуде.


Жоғары қарай