Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда бір аптада баласына бас-көз болмаған 84 ата-ана жауапқа тартылды

2021 жылдың 22 шілде 2021 02:20

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу шараларын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүргізілген рейд барысында Жамбыл облысында 84 ата-ана мен өзге де заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Барлығы 63 рейд барысында 67 кәмелетке толмаған бала ішкі істер органдарына жеткізілді.

Олардың ата-анасы Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы Қазақстан заңнамасын бұзудың 2 дерегі анықталды.

Аталған дүкен иелері Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 200-бабы бойынша жауап береді.

Әкімшілік құқық бұзу кодексі бойынша тағы 16 заңбұзушылық тіркелді.

Кәмелет жасына толмаған 8 бала профилактикалық есепке қойылды. 2 жасөспірім арнайы мектепке орналастырылды, бір заңды өкіл ата-ана құқығынан айырылды.

«18 шілде сағат 00:00-де күшіне енген карантин шараларын ескере отырып, облыстың барлық тұрғындарын ұжымдық іс-шараларды өткізуден және оған қатысудан аулақ болуға, сондай-ақ балаларды, олардың өмірі мен денсаулығын қорғауға шақырамын. Демалыс күндері кәмелетке толмаған балалардың бос уақыты мен байланысын бақылауды күшейту керек. Бұзушылықтар анықталған жағдайда Әкімшілік құқық бұзу кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады», - деп хабарлады полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев.

Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Заң, Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай