Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Жамбылда әуесқойлар арасындағы футболдан чемпион атанған команда 3 млн теңге иеленді

2019 жылдың 26 қазан 2019 02:20

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылда әуесқойлар арасында футболдан облыстық чемпионат өтіп, жеңімпаз команда 3 миллион теңгені иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасы және қолдауымен футболдан әуесқойлар арасындағы облыс чемпионаты мәресіне жетті. Өңірімде тұңғыш рет ұйымдастырылған чемпионатқа аудандардан 10 және Тараз қаласынан 7 команда қатысты. Барлығы 17 командада 450 спортшы болды.

Чемпионат облыста футболды дамыту, әуесқойлар арасында облыстың үздіктерін анықтау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатына негізделді.

Бес айдан аса уақытқа созылған бәсекеде барлық командалар тартысты ойын көрсетсе, жарыстың ақтық сынына Талас ауданы және Қазфосфат командалары жолдама алған болатын.

«Тараз» орталық стадионында қос команда өзара кім мықтыны анықтады. Екі қарсылас командалар ойын барысында бір-бірлерінен осал тұстарын таба алмай, жеңімпаз пенальти арқылы анықталды. Нәтижесінде «Қазфосфат» құрамасы басым түсіп, жеңімпаз атанды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне аймақ басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысты.

Сонымен, чемпион атанып, 1-орынды жеңіп алған «Қазфосфат» командасы арнайы кубокты қанжығаларына байлап, 3 миллион теңгеге ие болды. Ал, екінші орын иеленген таластықтар 1,5 миллион теңгемен, жүлделі үшінші орынды жеңіп алған ҰҚК командасы 1 миллион теңгемен марапатталды.

Асқар Мырзахметов жеңімпаздарды құттықтап, жарысты жылда дәстүрлі түрде ұйымдастыруды, келер жылы жүлде қорын екі есеге дейін көтеру жоспарланып отырғандығын жеткізді.

Автор Жанғазы Ахметов
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Спорт,
Жоғары қарай