Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда алты айда өрт оқиғасынан 14 адам қаза тапқан

2021 жылдың 21 шілде 2021 19:40

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында ағымдағы жылдың алты айында 310 төтенше жағдай тіркеліп, 4866 адам зардап шегіп, өкінішке орай 18 адам қаза тапқан,-деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында, карантиндік шараларды сақтай отырып, Жамбыл облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Мақсат Қосыбаевтың төрағалығымен ағымдағы жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстар бойынша жедел кеңес өткізілді.

Қорытынды кеңесте құрылымдық және ведомстволық бағынысты бөлімшелер бастықтарының баяндамалары тыңдалды. Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау мақсатында жедел кеңес төрағасы полковник М.Қосыбаев қызмет бағыттары бойынша нақты талаптар қоя білді.

Жалпы, ағымдағы жылдың алты айында облыс аумағында 310 төтенше жағдай тіркелген. Олардан 4866 адам зардап шегіп, өкінішке орай 18 адам қаза тапқан.

Сондай-ақ облыс аумағында 284 өрт оқиғасы орын алып, салдарынан 14 адам ажал құшқан. Өткен жылдың тиісті кезеңімен жылмен салыстырғанда өрттердің саны 24 пайызға, материалдық залал 20 пайызға, өрттерден қаза болғандар 7 есеге өскен.





Жоғары қарай