Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбылда 79 жастағы қария коронавирустан жазылып шықты

2020 жылдың 13 тамыз 2020 23:55

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының 79 жастағы тұрғыны коронавирусты жеңіп шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жуалы ауданы Қайрат ауылының 79 жастағы тұрғыны коронавирус белгілері бойынша жедел жәрдеммен Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.

Қабылдау барысында науқастың жағдайы өте ауыр болған. Дене қызуы 38,5 градусқа дейін көтеріліп, тыныс алу қиындап, саусақтары мен еріндері көгеріп, оттегі сатурациясы — 89 пайызды құраған.

Медициналық тексеру кезінде Аманжол Дүрәліұлында ауыр дәрежелі COVID-19, екі жақты вирустық пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігінің үшінші сатысы анықталған.

Ақсақалдың қосымша созылмалы аурулар бар. Атап айтсақ, жүректің ишемиялық ауруы, ишемиялық кардиомиопатия, жүрек жеткіліксіздігі және үшінші сатыдағы гипертензия. 2019 жылы ол жедел миокард инфарктісін бастан өткерген. Тәуекел тобы өте жоғары.

«Қария екі күн жансақтау бөлімінде болып, ӨЖЖ аппаратына қосылған. Дәрігерлердің нақты және үйлесімді әрекетінің арқасында ол вирусты жеңіп, толық айығып, ауруханадан шығарылды.

Аманжол ата медицина қызметкерлеріне ризашылығын жеткізіп, денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.

«Алла сіздердің игі істеріңіз бен адал еңбектеріңізді еселеп қайтарсын. Отбасыларыңыз аман, еліміз тыныш болсын», - деді ол.


Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Коронавирус,
Жоғары қарай