Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Жамбылда 135 шетел азаматы ел аумағынан аластатылды

2019 жылдың 12 сәуір 2019 19:43 823

ТАРАЗ. ҚазАқпарат  -  Жамбыл облысы аумағында заңсыз көші-қон іс-әрекеттеріне қарсы тұру мақсатында 9-12 сәуір аралығында әкімшілік, криминалдық полиция, тергеу және анықтау бөлімшелерінің қатысуымен «Заңсыз келуші - 2019» жедел алдын алу іс-шарасының 1-кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Арман Тұрдалиев, Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы, полиция капитаны Арай Айымбектің қатысуымен өткен брифингте айтылды.

Спикерлердің айтуынша, аталған шараға байланысты алға қойылған мақсаттарды орындау үшін 23 ұтқыр топ құрылған. Нәтижесінде, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған 200 дерек анықталды. Әкімшілік соттың шешімімен 135 шетел азаматы ел аумағынан аластатылды, оның ішінде 4-еуі - ҚХР азаматтары.

«Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтпек болған 4 шетел азаматы жауапкершілікке тартылып жатыр. Соттың аластату туралы шешімін орындамағаны үшін бір қырғыз азаматы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған 19 азамат Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауап беруде. Заңнаманы бұза отырып шетелдік жұмыс күшін және еңбек мигранттарын тартқаны үшін 28 Қазақстан азаматы жауапкершілікке тартылды. 71 шетел азаматына Қазақстан аумағында жүріп-тұру мерзімі қысқартылды. Қазіргі кезде Жамбыл облысы аумағында заңсыз еңбек ететін, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарын ұйымдастыратын тұлғаларды айқындау жұмыстары жалғасуда», - деді Арман Тұрдалиев.


null 

 

 

 

 

Автор Ғибрат Сембай
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Заң,
Жоғары қарай