Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл обылысында 200-ге жуық ата-ана жауапкершілікке тартылды

2021 жылдың 23 ақпан 2021 01:21

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер жасөспірімдер арасында профилактикалық рейдтер өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бір апта ішінде ювеналды полиция қызметкерлері 74 рейд жүргіздіп, оның барысында ішкі істер органдарына 131 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді, 196 ата-ана мен өзге де ересек адамдар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кәмелетке толмаған 3 баланың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 2 әкімші, алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР Заңнамасын бұзғаны үшін 2 дүкен иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 128 заңды өкілге әкімшілік хаттама жасалды», - делінген ведомство хабарламасында.

Апталық рейд барысында ІІО-да профилактикалық есепке 1 жасөспірім және 2 баласы бар 1 қолайсыз отбасы қойылды. Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қаңғыбастығы үшін 4 жасөспірім, 1 ата-ана құқығынан айырылған заңды өкіл орналастырылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті ата-аналар мен заңды өкілдердің балаларының өмірі мен денсаулығы үшін жауапты екенін, оларды қараусыз қалдыруға болмайтындығын, сондай-ақ түнгі уақытта көшеге немесе ойын-сауық орындарына жібермеу қажеттігін еске салады.

Автор Сая Сембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай