Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысының жарылыс болған аймағында пойыз қозғалысы тоқтатылды

2021 жылдың 26 тамыз 2021 23:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесінің Тараз-Луговое жол бөлігінің тақ және жұп бағыттары барлық пойыздар үшін жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Оған Жамбыл облысындағы темір жол желісінен 250-300 метр аумақта оқдәрілердің жарылуы себеп болып отыр»,-деп жазды өзінің Facebook парақшасында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қайсар Жұмабайұлы.

Жарылыс болған аймақтан 8-10 км қашықтықта жатқан Үшбұлақ станциясына Тараздан өрт сөндіруші пойыз келді. Сондай-ақ өрт сөндіруші пойыз Шу станциясынан да жөнелтілді.

Жолаушылар мен жүк тасымалдаушы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.

«Қазіргі таңда Петропавл-Қызылорда бағытындағы №75 және Маңғыстау-Алматы-2 бағытындағы №75 пойыздары мен тағы 14 жүк пойызы уақытынан кешігеді»,-делінген хабарламада.


Жоғары қарай