Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысының тұрғыны героиннің аса ірі мөлшерімен ұсталды

2021 жылдың 12 қазан 2021 14:20

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер героин сатумен айналысқан күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің 59 жастағы тұрғыны «Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы мен «Рефлекс-2021» өңірлік операциясы кезінде қолға түсті. Аса ірі мөлшерде «героин» есірткі затын сатумен айналысқан күдіктіні Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.

Есірткіні заңсыз сақтағаны үшін бұрын сотты болған күдіктінің тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізілген. Оның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 234 грамм «героин» есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл – аса ірі мөлшерге жатады.

«ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі (Есірткіні өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5-10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деп атап өтті Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы А. Жұмабеков.


Жоғары қарай