Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жамбыл облысының мемлекеттік сатып алу басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 10 маусым 2020 18:31

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Жүнісбеков Бақытжан Мұратұлы Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Жүнісбеков Бақытжан Мұратұлы 1981 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары.

2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Инженер-механик», 2005 жылы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Заңгер», 2007 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Сәулетші» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Жамбыл облысы прокуратурасының штаттан тыс маманы болып бастаған.

2004-2005 жылдары – «Жер сілкінісі салдарынан зақым тиген тұрғын-үй және әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерінің құрылысы және қайта қалпына келтіру дирекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында инженер-оператор, Жамбыл облысының құрылыс, сәулет және аумақтық құрылыс салу басқармасының мемлекеттік коммуналдық мекемесінің «бас кәсіпорнының» сәулет-жоспар дайындау бөлімінің инженер-механигі, 2005-2006 жылдары – ҚР индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын үй комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының жетекші маманы, 2006-2010 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және құрылыс басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2010-2012 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бас маманы, 2012-2017 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы, 2017-2018 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

2018 жылдың қараша айынан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің құрылыс басқармасы басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.


Басты сөздер: Жамбыл облысы, Тағайындау,
Жоғары қарай