Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

2021 жылдың 22 қазан 2021 08:40

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында көлік полицейлері есірткінің ірі партиясын тәркіледі, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шу станциясында көлік полициясы қызметкерлері «Қарасора – 2021» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Жамбыл облысының 54 жастағы тұрғынын ұстады. Ер адамнан 26,5 келі «марихуана» есірткісі тәркіленді.

Анықталған есірткі партиясы өте үлкен мөлшерге жатады. Ұсталған адам «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау» бабы бойынша жауапқа тартылады. Күдікті қамауға алынды.

«Жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты 331 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады. Заңсыз айналымнан 158 келіден астам түрлі есірткі құралдарын тәркіледі»,-делінген ведомство хабарламасында.


Жоғары қарай