Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендер саны 66 адамға жетті

2021 жылдың 26 тамыз 2021 23:47

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының төтенше жағдайлар, құқық қорғау және медицина саласының өкілдері өңірде болған жарылысқа жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жамбыл облысы әкімдігінің хабарлауынша, аталмыш мәселеге байланысты қандай да бір туындаған сұрақтар үшін:

- 109 телефон нөмірі;

- 8-778- 810-91-09 ватсап желісі арнайы іске қосылды.

Сонымен қатар, 8(7262) 54-41-67 телефон нөмірі арқылы жедел желіге хабарласуға болады.

Апат болған аумақтан эвакуацияланған тұрғындарға арналып, облыс орталығынан 400-ден астам орын дайындалған.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 32 дәрігер мен 56 медициналық қызметкер жұмылдырылды.

26 тамыз сағат 23.30-дегі жағдай бойынша Тараз қалалық №1 ауруханасына және Байзақ аудандық орталық ауруханасына 66 адам жеткізілді.

Олардың көпшілігі жеңіл жарақаттанған болса, 2-і азамат ауыр жарақат алғандар.

«Сонымен қатар, жұртшылықтан және БАҚ өкілдерінен тек қана ресми түрде жедел штаб тарапынан ұсынылатын ақпаратты назарға алуды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

Айта кетейік, бүгін сағат шамамен 19:00-де Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлім қоймаларының бірінен өрт шығып, жарылыс болды.
Жоғары қарай