Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысындағы жарылыс салдарын жоюға саперлер мен кинологтар атсалысып жатыр

2021 жылдың 27 тамыз 2021 22:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері жарылыс салдарын жою үшін кинологтар мен саперлерді тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқиға орнында саперлер мен иісшіл иттері бар кинологтар жұмыс істеп жүр. Өнеркәсіптік, сауда және тұрғын үй объектілері мұқият тексерілуде. Ауданға апаратын автожолдар әлі де жабық. Тек арнайы қызметтердің көліктері ғана кіре алады. Полицейлердің нақты және үйлесімді әрекеттерінің арқасында адамдарға уақтылы көмек көрсетілді, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ», - деп хабарлады департамент мамандары.




Еске салсақ, Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 12 адамға жеткен болатын.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметіне сүйенсек, Тараз қаласының стационарларында ем алып жатқан зардап шегушінің бесеуі реанимацияда, екеуінің жағдайы ауыр.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше оқиғаға байланысты шұғыл жиналыс өткізді.

Жиналыс қорытындысы бойынша төтенше жағдайдың салдарын жою үшін ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құрылып, оған Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық ететін болды.





Жоғары қарай