Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысындағы жарылыс: 12 әскери қызметші зардап шекті

2021 жылдың 26 тамыз 2021 23:35

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысындағы әскери бөлімдегі жаралыс салдарынан 12 әскери қызметші зардарп шекті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Жамбыл облысындағы әскери бөлім қоймасынан шыққан өртті сөндіру жалғасып жатыр. Қоймада инженерлік оқ-дәрілер сақталған. Оқ-дәрінің бұл түрі жарылыс жасауға арналған және алысқа ұшатын снарядтары жоқ. Сондықтан жарылыс салдарынан жарықшақтар мен оқ-дәрі бөлшектері ұшқан жоқ. Жарылыстар негізінен толқын сипатында, қатты дыбыстар шығып, жалыны қатты болады», - деп атап өтеді ведомстводан.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта медициналық көмекке жүгінген 12 әскери қызметші туралы ақпарат бар. Аталған әскери бөлімде борышын өтеп жүрген әскери қызметшілер Жамбыл облысындағы әскери бөлімдерге эвакуацияланып, орналастырылған.


Жоғары қарай