Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысындағы энергия тапшылығы проблемасын жою: 4 жоба жүзеге асырылуда

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 13:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Инвестициялық жобалардың арқасында үнемі энергия тапшылығын көріп отырған Жамбыл өңірінің энергетикалық тәуелсіздігін арттыруы көзделіп отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың баспасөз қызметі берген мәліметке сәйкес, жыл басынан бері өңірде құны 25,7 миллиард теңгені құрайтын жеті инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Оның ішіндегі екі жоба – жалпы қуаты 9 МВт болатын «Wind Power city» ЖШС мен «Wind Electricity» ЖШС жел электр станцияларының құрылысы.

«Жалпы осы жылы облыста қуаты 133,8 МВт болатын, құны 54,5 миллиард теңгені құрайтын баламалы электр қуатын өндіретін төрт жоба жүзеге асырылуда. Жобалар аяқталғаннан кейін жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуаты 403,65 МВт-ты құрайды. Нәтижесінде олардың үлесі өндірілетін электр энергиясының жалпы көлемінің 30 пайызына дейін артады», – деді аймақ басшысы.

Электр энергиясын өндіруді арттыру – бұл өнеркәсіптік өндіріс пен тауарлық кәсіпкерлікті дамытуға қарқын қосып, алға ұмтылып жатқан аймақ экономикасының маңызды құрамдас бөлігі. Мәселен, тек «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 73 миллиард теңгенің 147 жобасы мақұлданды және 49,1 миллиард теңгеге 136 жоба несиелендірілген.


Жоғары қарай