Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында заңсыз айналымнан тәркіленген спирттен антисептик жасалып жатыр

2020 жылдың 10 сәуір 2020 12:46

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында заңсыз айналымнан тәркіленген этил спиртінен антисептик жасалып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігігіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті мен Қаржы басқармасының бұйрықтарының негізінде тәркіленген 9 тонна этил спирті облыстық көпсалалы балалар ауруханасына тегін берілді.

Сондай-ақ, жергілікті фармацевтикалық компания осы спирттен 13 мың литр антисептик пен дезинфекция құралын жасауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда өңірде дәрілік заттарды, медициналық жабдықтарды, жеке қорғану және дезинфекциялаушы құралдарды, ПТР мен тест жүйелерін сатып алуға ҚР Үкіметінің резерв қорынан 536 млн теңге, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің эпидемиологиялық қорынан 43 млн теңге, жергілікті бюджеттен 281 млн теңге, жалпы сомасы 860 млн теңге бөлінді.



Жоғары қарай