Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбыл облысында үздік спортшыларға пәтер кілттері табысталды

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 09:30

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов пен жүзуден паралимпиаданың қола жүлдегері Нұрдәулет Жұмағалиға 1 бөлмелі пәтер кілттерін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы мемлекет тарапынан дене шынықтыру мен спортты белсенді түрде дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес әр уақытта спортты, күресті қолдаймыз. Спорт қолдау тапса, саңлақтар шыңдалып, ел абыройын көтереді. Бүгінде жамбылдықтар өзінің спорттық жетістіктерімен ауыз толтырып мақтана алады. Әулиеата өңірінен осы күнге дейін атағы алысқа тараған чемпиондар мен рекордтарды жаңартқан шоқтығы биік талай спортшылар шыққан. Жерлестеріміз түрлі деңгейдегі жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде. Спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына сәттілік тілей отырып, Қазақстанның спортын одан әрі биік шыңдарға көтере берулеріңізді тілеймін», - деді Б.Сапарбаев.




Өз кезегінде спортшылар мемлекет тарапынан жасалып жатқан қолдауға алғыстарын білдіріп, еліміз бен облысымыздың спортын жаңа белеске шығаруға аянбай тер төгетіндіктерін жеткізді.

«Алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріну үшін барымды салатын боламын. Бүгін Алматы қаласына барып, арнайы тексерістен өтемін. Содан соң, Қырғызстанның Шопан ата қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, биылғы жылы өтетін Азия ойындарында, алдағы Әлем біріншілігінде үздік атануға күш жұмсаймын», - деді Н.Жұмағали.


Жоғары қарай