Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді

2021 жылдың 21 қыркүйек 2021 14:03

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында таулы аумақтағы жану оқиғасының салдарын жою жұмыстары жалғасуда,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының таулы жерлерінде орын алған өрт ауыздықталды. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Алдын ала болжам бойынша, өрт тұрғындардың от қолданудағы абайсыздығы салдарынан орын алған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 277 адам мен 42 техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ, «Қазавиақұтқару» МИ-8 тікұшағы тартылды. Бұл туралы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.




«Ұшу нәтижелері бойынша алдын ала есептеулерге сәйкес өрттің аумағы 650 гектарды құрайды, «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағымен жеке құрамды биік жерге жеткізу бойынша ұшулар жүргізілуде. Қазіргі таңда жоғарыда аталған күштер мен құралдар таулы аумақтағы жану оқиғасының салдарын жою жұмыстарын жалғастыруда», -делінген ведомство хабарламасында.


Жоғары қарай