Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында спортшылар отырған көлік жол апатына ұшырап, үш адам қайтыс болды

2020 жылдың 4 тамыз 2020 18:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы аумағында жол апатында үш адам қайтыс болды, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты 3 тамызда сағат 06:40 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық жолдың 193- шақырымында болған.

«МАЗДА-323» маркалы көлік Алматы қаласынан Тараз қаласына бара жатқан. 21 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай көлік жолдың оң жақ жиегіне шығып, аударылып кеткен. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Олардың бірі еркін күрестен спорт шеберлігіне үміткер. Қордай ауданының орталық ауруханасына түрлі дене жарақатымен үш ер адам жатқызылды, келесі күні ауруханада 24 жастағы еркін күрестен спорт шебері қайтыс болды», - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы басталды. Сондай-ақ, сот-медициналық және көлік құралының техникалық жағдайын зерттеу сараптамасы тағайындалған.

Автор Қажы Мұрат
Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай