Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды

2021 жылдың 17 сәуір 2021 14:34

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өз араларындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күрес жұмыстары барысында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің өкілдері Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірге 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады.

«Оған ірі көлемде пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбайды»,-делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Жоғары қарай