Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында коронавируспен күреске бөлінген қаржы жымқырылған

2020 жылдың 30 қазан 2020 12:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері індетпен күреске бөлінген қаржыны жымқыру фактісімен күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Осылайша, мемлекетке 8 730 560 теңге сомаға залал келтірілді», - деді Д. Биғайдаров Facebook парақшасында өткен онлайн брифингіде.

Қазіргі кезде тергеу амалдары жалғасуда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биылғы 9 айда лауазымды тұлғаларға пара беру фактілері бойынша 381 сотқа дейінгі тергеу тіркелді.



Жоғары қарай