Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында қарлы боран: шұғыл штаб құрылды

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 18:16

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында қарлы боранға байланысты авариялық- құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде ауа райының нашарлауы туралы ақпарат алған сәттен Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Мақсат Қосыбаев әртүрлі сипаттағы ТЖ жағдайларда Жуалы, Талас және басқа аудандарға жедел шығу үшін Тараз қаласының бағынысты бөлімшелерінің күштері мен құралдарының дайындығын тағы бір пысықтады.

Жуалы, Жамбыл, Талас, Сарысу аудандық ТЖБ және ТЖД жолда қалған жүргізушілер мен жолаушыларды құтқару жұмыстарын ұйымдастыруда.

Осы мақсатта бүгін 9 сағ 30 мин ТЖД-де шұғыл штаб құрылып, оның құрамына Қазавтожол, Қазақстан темір жолы, Жолаушылар көлігі басқармасы, ПД өкілдері енді.

Автожолдарды тазалау үшін «Қазавтожол» ЖШС -нен 9 техника және12 адам, «Қаратау жолдары» ЖШС-нен 2 техника, 2 адам, «Сарысу ж олдары» ЖШС-нен 2 техника, 2 адам тартылды.

Сағат 14-30-дағы жағдай бойынша Айша-бибі ауылында 60 жүк және 45 жеңіл автокөлік, «Алматы-Термез-Ташкент» автожолында жабық учаске ішінде 38 жүк автомашинасы, 15 жеңіл автомашинасы, 2 шағын автобус қалып отыр.

Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ТЖД-дан 8 техникалық және 21 адам жұмылдырылды. ТЖД күшімен «Қаратау – Тараз» автожолында қар

құрсауында қалған автокөліктерден 23 адам құтқарылды, 6 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды. Жуалы ауданындағы «Алматы-Термез-Ташкент» күре жолында тұрып қалған автокөліктерден 59 адам эвакуацияланды.

Жуалы, Жамбыл аудандарын жылыту пунктері ашылды. Оларда ыстық тамақ ұйымдастырылды, медицина қызметкерлерінің кезекшілігі қамтамасыз етілді. Айша бибі блок бекетін күшейту үшін қосымша күш жіберілді.

Жүргізушілер мен жолаушылар үшін жағдайды хабарлау мақсатында дыбыстық сөйлеу қондырғылары бар 2 бірлік жедел техникасы, жолаушыларды теміржол вокзалына жеткізу үшін 1 автобус және 1адамдарды тасымалдауға арналған көлік, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін «АМО» 1 реомобилі тартылды.


Жоғары қарай