Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында газ баллоны жарылып екі адамды күйік шалды

2021 жылдың 25 қаңтар 2021 10:10

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында газ баллоны жарылысынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

«23 қаңтарда сағат 16: 20-да Жамбыл облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылында жеке үйдің дәлізінде тұрған 3 литрлік газ баллонының жарылғаны туралы хабар келіп түсті. Жарылыстан дәліздің қабырғасында жарықтар пайда болып, кіреберіс есік қираған. Үй иесінің 33 және 13 жастағы баласын күйік шалып, ауруханаға жеткізілді», делінген хабарламада.

Оқиға орнына ТЖД-дан 11 қызметкер, жедел жәрдем бригадасы, 4 полиция барды.

Департамент газ баллонын қауіпсіздік ережесіне сәйкес сақтау және пайдаланылу керектігін ескертеді.


Жоғары қарай