Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Жамбыл облысында электр қуаты қымбаттады

2020 жылдың 7 қаңтар 2020 10:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында жарықтың бағасы 3 теңге 91 тиынға өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ тариф тек мемлекеттік бюджет қаражатынан қаржыландырылатын мекемелерге қатысты өзгеріп отыр.

Мәселен, бұған дейін әрбір бюджеттік мекеме өнімнің киловатына 24 теңгеден төлеп келсе, енді 28 теңге көлемінде айналады. Ал мамандар жеке және заңды тұлғалараға қатысты тариф өзгермейді деген болжам айтып отыр. Табиғи монополияларды реттеу комитеті қызметкерлерінің айтуынша, бағаның өсуіне тасмалдау қызметі әсер еткен.

«Электр қуаты нарығының бағасы 30%-ке қымбаттап отыр. Осының себебінен электр энергиясының бағасы 3%-ке көтеріліп отыр. Оның ішінде халыққа дейміз, тұтынушыларға баға өзгерген жоқ. Сол 2019 жылы төлеген ақшасымен төлеп отырады. Және өзге де заңды тұлғалардың бағасы өзгермеген», - дейді Табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары Бауыржан Көрпебаев.


Басты сөздер: Жамбыл облысы, Энергетика,
Жоғары қарай