Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында бірнеше су қоймасы салынбақ

2020 жылдың 17 мамыр 2020 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елдің оңтүстік өңірлеріне жұмыс сапарын аяқтады. Ол сапар соңында Жамбыл облысына барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

«Оңтүстік өңірге жұмыс сапары Жамбыл облысына барумен аяқталды. Облыс əкімі Бердібек Сапарбаевпен бірге іске асырылып жатқан су шаруашылық жобаларымен таныстық», - деп жазды Мағзұм Мырзағалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында.




Облыс суармалы жерлерді 110 мыңнан 200 мың гектарға дейін ұлғайтуды көздеп отыр.

«Бұл үшін магистралдық арналар мен ирригациялық дренаж жүйесін жөндеу жұмысы жүргізілуде. ЕҚДБ қаражатының арқасында ұзындығы 1294,34 шақырым 264 арна қайта салынып жатыр», - дейді министр.




«Сондай-ақ, өңір басшысымен бірнеше су қоймасын салу жоспарын талқыладық. Жобаны орындау үшін бірлескен жұмыс тобы құрылып, ТЭН əзірленеді», - деді М.Мырзағалиев.

Барлық осы айтылған жобалар облысты сумен тұрақты қамтамасыз етуге ықпал етеді.





Автор Ербол Жанат
Басты сөздер: Жамбыл облысы, Құрылыс,
Жоғары қарай