Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында бір аптада 19 мыңға жуық адам тұмауға қарсы екпе салдырды

2020 жылдың 21 қыркүйек 2020 18:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында бір апта ішінде Жамбыл облысы бойынша 19 000-ға жуық азамат тұмауға қарсы вакцинамен қмтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары жылдағыдан ерте, яғни 15 қыркүйекте басталды. Бір аптада Жамбыл облысында 19 мыңға жуық азамат вакцина қабылдаған. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Өңірдегі медициналық ұйымдар сапалы әрі тиісті зертханалық сынақтан өткен вакцинамен қамтылғанын көрсету үшін медицина мекемелерінің қызметкерлері екпені өздеріне бірінші болып салдырды. Күз айларында ЖРВИ мен тұмаудың өршитіні мәлім. Биыл халықты вакцинациялау – аса маңызды. Өйткені, коронавирус инфекциясы тұмаумен қабаттасып, эпидемиологиялық жағдайды асқындыруы мүмкін» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мамандардың айтуына, вакцина – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің пакетіне кіреді және халықтың белгілі бір тобы үшін тегін жүргізіледі.

Атап айтқанда, созылмалы ауруы бар 18 жасқа дейінгі балаларға, медицина қызметкерлеріне, жүкті әйелдер мен балалар үйлері және мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне, мүгедектер мен созылмалы ауруы бар адамдарға, 60 жастан асқан қарияларға тегін салынады.

Тұмауға қарсы жоспарлы екпе егу жұмыстары қараша айына дейін жалғасады.


Жоғары қарай