Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді

2021 жылдың 4 наурыз 2021 22:10

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысының полицейлері «Допинг» жедел алдын алу шарасы барысында 42 есірткі қылмысын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бес күндік «Допинг» шарасы кезінде 42 есірткі қылмысын анықтады. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«11 қылмыстың ішінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша - 4 дерек, ҚК 296-бабының 4-бөлігі бойынша - 6 және есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзу дерегі (ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі) анықталды. Ал, ҚР ҚК 296-бабының 1-3-бөлігі бойынша 12 қылмыс әшкере болды» делінген ведомство хабарламасында.

Сондай-ақ, әкімшілік құқық бұзу туралы 19 хаттама жасалған.

Шара барысында полиция қызметкерлері 14 дәріхананы, 18 қойманы, 4 емдеу мекемесін және 1 өнеркәсіпті тексерді.

Заңсыз айналымнан 16 келіден астам есірткі, оның ішінде 8 келі 182 грамм марихуана, 6 келіден астам «гашиш», адам ағзасына зиян келтіретін 1960 дәрілік препарат және 5 келі 770 грамм күкірт қышқылды прекурсор тәркіленді.


Жоғары қарай