Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Жамбыл облысында ауыл маңынан жерге көмілген қару-жарақтар табылды

2022 жылдың 21 қаңтар 2022 03:00

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер жерге көмілген бірнеше қару-жарақты тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жамбыл ауданы Қостөбе ауылының маңынан жасырылған қару-жарақ табылды.

«Белгісіз адамдар 8 бірлік автомат пен оған арналған 17 оқжатар, 1 граната, 12 калибрлі газ-травматтық қару, «Krall» маркалы мылтық және 1 дана пышақты қапқа салып, жерге көміп кеткен.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сот-баллистикалық сараптама тағайындалды», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметов.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орны туралы хабарлаған немесе оларды полицияға өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапқа тартылмайтынын еске салады.

Табылған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпаратты полицияға жеткізу туралы хабарламадан соң, «102» арнасына тұрғындардан қоңыраулар келіп түсуде.


Жоғары қарай