Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында анасына ренжіген жасөспірім үйінен кетіп қалған

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 23:24

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында анасына ренжіп, үйінен кетіп қалған бала табылды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысында Жамбыл аудандық полиция басқармасына Жалпақтөбе ауылының 33 жастағы тұрғыны 14 жастағы ұлының үйінен белгісіз бағытта шығып, қайтып келмегені туралы жүгінген. Полиция қызметкерлері дереу баланы іздестіру бойынша шаралар қабылдап, іздеу жұмыстарына еріктілер мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Қарлы боран мен қалың қардың жауғанына қарамастан, баланың өмірі мен денсаулығына алаңдаған адамдар түні бойы іздеу жұмыстарын жалғастырған.

«Бірнеше сағат ішінде ауыл тұрғындары мен іргелес аудандардың тұрғындарымен, жасөспірімнің сыныптастарымен әңгімелесу жүргізілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жасөспірімнің жүрген жері анықталды. Алайда бала ата-анасының полицияға жүгінгенін біліп, өзі үйіне оралды. Баланың айтуынша, ол отбасылық жанжалдың салдарынан анасына ренжіп, өзінің маңыздылығын сезінгісі келіп, үйінен кетіп қалған»,-делінген облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қазіргі таңда болған оқиғалар жасөсіпірімні өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төндірмейді.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Қоғам, Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай