Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында Алматы тұрғынының көлігінен 47 келіден астам гашиш табылды

2021 жылдың 20 қаңтар 2021 10:13

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер Алматы қаласының тұрғынының көлігінен 47 келіден астам гашиш тауып, тәркіледі,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының 260-шақырымында Алматы қаласының 39 жастағы тұрғынының басқаруындағы «Golf-3» маркалы автокөлігі тоқтатты.

Автокөліктің жүксалғышынан екі сөмке табылып, ондағы заттардың салмағы 47 кг 850 граммды құрайтын гашиш есірткісі екені анықталды.

«Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындап, Қордай ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Осы қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.


Жоғары қарай