Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында 35 тоннадан астам қарасора жойылды

2021 жылдың 19 тамыз 2021 20:43

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық полицейлер жаз мезгілі басталғалы 35 тоннадан астам жабайы қарасораны жойды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1 маусымынан бастап кең ауқымды «Қарасора-2021» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Соған орай, өңірде есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде есірткінің жоюға қатысты көшпелі комиссия құрылған болатын.

«17 тамызда «Қарасора-2021» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Меркі ауданының құмға жақын аумағында 5,5 гектар алқапты шауып, кейіннен өртеу арқылы 5 тонна 102 келі жабайы қарасораны жойды», - делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ, хабарламада, профилактикалық іс-шара басталғаннан бері барлығы 35 тоннадан астам жабайы қарасора жойылғандығы жазылған.



Жоғары қарай