Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облысында 2 адам түйнеме жұқтырып алды

2021 жылдың 23 шілде 2021 00:53

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Талас ауданында сібір жарасының 2 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Маусым-шілде айларында аптап кезінде Жамбыл облысында аса қауіпті жұқпалы ауруды тасымалдаушылар мен қоздырушылардан зардап шегудін 2 жағдайы тіркелді. Бұл туралы облыс әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Өңірде 257 адамды кене шағып, олар медициналық көмекке жүгінген. Оның 159-ы - 14 жасқа дейінгі балалар. Алайда, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе аз болғанымен, әр тұрғын жеке бастың сақтық шараларын сақтауды есінен шығармауы тиіс» делінген хабарламада.

Кене шағу бойынша биыл Тараз қаласының аумағында - 143, Байзақ ауданында - 29, Сарысуда – 28, Мойынқұмда – 15, Т.Рысқұлов, Шу, Жамбыл аудандарында - 9, Қордайда – 7, Таласта – 6, Меркіде – 2 жағдайдан анықталып отыр.

Улы жәндіктен зардап шеккендер 14 күн медициналық бақылауда болуы тиіс.

Бүгінде кенеден зардап шеккен 257 адамның 188-і аталған мерзімнің өтуіне байланысты бақылаудан алыныпты.

«Биылғы жылдың өзінде қора-жайлар мен төрт түліктен арнайы бригаданың көмегімен 28 509 астам жәндік алынып, тексеруге жіберілген. Зерттелген 2595 кененің 52-сінен қырым қанды қызбасының белгілері табылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.


Автор Сая Сембай
Басты сөздер: Оқиға, Жамбыл облысы,
Жоғары қарай