Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 19 қараша 2020 17:30

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті аппаратының келісімі бойынша азаматтық қорғау полковнигі Ермек Жамбылұлы Момбаев Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков жеке құрамға департаменттің жаңа бастығын таныстырды.

Вице-министр жаңа басшыға департаменттің жақын арада атқаруға тиіс жұмыстарына тоқталып, жылыту маусымында түрлі сипаттағы ТЖ санын азайту және қысқы кезеңде, сондай-ақ көктемгі су басу кезеңінде елді мекендерді су басу жағдайларының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Сондай-ақ, ол жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықтың қатаң сақталуын қамтамасыз ете отырып, жемқорлыққа жол бермеудің тиісті шараларын қабылдау қажеттігін баса айтып, ТЖ қызметкерлерінің халықтың сенімінен шыға білу деңгейін арттыру мақсатындағы тәжірибелік және ұйымдастырушылық шараларын атқаруды одан әрі жетілдіру жөнінде тілге тиек етті.

Айта кетейік, бұған дейін Ермек Момбаев Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы болған.

Ермек Момбаев 1977 жылы 22 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары, 2002 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің Көкшетау техникалық институтын өрт қауіпсіздігі мамандығы бойыншат аяқтаған.

Азаматтық қорғау органындағы еңбек жолын 1995 жылдан бастаған.

2015 жылдың маусымында Өрт сөндіру мекемесі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалған.

2018 жылдың шілдесінде Жамбыл облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» бастығы лауазымына тағайындалған.

Отбасылы, үш бала тәрбиелеп отыр.


Жоғары қарай