Ауа райы
Астана -28 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жамбыл мен Түркістан шекарасындағы жолда 100-ге жуық жүк көлігі өте алмай тұр

2020 жылдың 28 қараша 2020 21:17

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл мен Түркістан облысының шекарасындағы жол учаскесінде 100-ге жуық жүк көлігі жиналып тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жамбыл облысының ТЖД-на сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда Түркістан облысы жағынан 585 шақырым жерде 200 метрге жуық жерді қалың қар басып қалды. Ал Жамбыл облысы бағытының 564-567 шақырымында 300 метрге жуық жерде қар қалың жаууы салдарынан 100-ге жуық жүк көлік жолдың аталған бөлігін тазартуды күтіп тұр. Жүк көліктерінің жиналуына осы аумақта 6 жеңіл көліктің соқтығысуы себепші болды», делінген хабарламада.

Аталған учаскелерде ТЖ департаментінің және жол қызметінің қызметкерлері жұмыс істеп жүр. Таяу арада көліктің барлық түрі үшін қозғалыс бағытын ашу жоспарланып отыр.

Қазір Түркістан облысы тарапынан Жамбыл облысына полиция департаментінің қызметкерлері жеңіл автокөліктерді алып жүре бастады.


Жоғары қарай