Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалған ақпаратпен бөліскен мектеп директоры көпшіліктен кешірім сұрады

2020 жылдың 17 наурыз 2020 19:53

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Текелі қаласындағы №5 орта мектептің директоры Эльмира Иманбердиева өзінің әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп басшысы whatsapp желісі арқылы коронавирус жөнінде жалған аудиожазбамен бөліскен.

«Мен Иманбердиева Эльмира Сейдахметқызы №5 орта мектептің мұғалімдер чатына асығыс, білместікпен, жалған дыбыстық мәліметті жібергенім үшін кешірім сұраймын. Алдағы уақытта шындыққа жанаспайтын, тексерілмеген ақпаратты тарату, таратпауға уәде беремін» деген бейнежазбада мектеп директоры Э. Иманбердиева.

Айта кетейік, жалған ақпарат таратқан адам заң бойынша 2 жыл немесе одан да көп жылға басбостандығынан айырылуы мүмкін. Алматы облыстық Полиция Департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күні кеше «жарылғыш зат» қойылды деген жалған ақпарат бергені үшін Талғар ауданының 1977 жылғы тұрғыны 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондықтан халықты ақпаратты бөліскенде абай болуды, мамандар ескертеді.

«Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алады. Мына кісі кеше шағын шаһарымыз Текеліні тікеден тік тұрғызды. Шаһарда вирус шықты деп, WhatsApp-қа хабарлама таратып, жалған ақпаратпен бөлісті. Енді міне үлкен басымен кешірім сұрап әлек. Оның үстіне мектеп директоры»-, деп жазды Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.


Жоғары қарай