Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жалағаш ауданында екпе қабылдауға қабілетті тұрғындар түгелдей екпемен қамтылды - Қызылорда

2021 жылдың 26 қазан 2021 06:22

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында жоспарланған екпе қабылдауға қабілетті 19375 адам толықтай екпе салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірде коронавирус инфекциясының таралуы бәсеңдей түсті. Десе де Қызылорда облысы «сары» аймақта тұр. Аймақта карантиндік шаралардың қатаң сақталуы басты назарға алынған. Оған қоса вакцинациялау жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

«Нәтижесінде осы тәулікке дейін облыс тұрғындарының 78,4 пайызы (354 536 адам) екпенің алғашқы компонентін алса, екіншісін 284 957 адам салдырды. Екпе салдырудан аудандар арасынан Жалағаш (19375) алда келеді. Ал облыс орталығындағы №1 қалалық емхана (25256 адам) аумағы көш бастады. Олар бойынша бірінші компонент бойынша екпе қабілетті адамдар толықтай қамтылды. Облыстар арасында вакцина алу бойынша Қызылорда облысы республикада бесінші орында келеді», - деп жазылған өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан хабарламада.

Еске салсақ, Қызылорда облысында вакцина алғандардың 0,4% коронавирус жұқтырды.


Жоғары қарай