Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Жаһандық дағдарыстың себебі әлемдік экономика мен қаржы жүйесінің өзегінде жатқан олқылықтарда - Н. Назарбаев

2016 жылдың 1 сәуір 2016 10:16

АСТАНА-ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Вашингтон қаласында, Карнеги қорының штаб-пәтерінде АҚШ-тың қоғам және саяси қайраткерлерімен кездесуінде қазіргі заманғы әлем құрылымының проблемалары мен Қазақстанның халықаралық аренадағы рөліне қатысты ой-пікірін ортаға салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы жаһандық дағдарыстың себебі әлемдік экономика мен қаржы жүйесінің өзегінде жатқан олқылықтарда екеніне сенімді екенін айтты.

- Төрт жыл бұрын біз барлық елдердің дағдарысқа қарсы күш-жігерін жұмылдыруға бағытталған «G-Global» бастамасын ұсындық. Әлемдік даму проблемаларын 8 немесе 20 мемлекет емес, бүкіл халықаралық қоғамдастық шешуі тиіс. «G-Global» аясында Астана экономикалық форумында кеңінен қолдау тапқан Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді, - деді Қазақстан Президенті.

Жоғары қарай