Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Жағдай күрделенсе, карантин режимін күшейтеміз - Бақытжан Сағынтаев

2020 жылдың 28 қараша 2020 12:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғындарына үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрметті алматылықтар. 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз», - деді әкім Instagram парақшасында.

Айта кету керек, өткен тәулікте Қазақстанда КВИ белгісі бар пневмонияның 184 жағдайы тіркелсе, оның 84-і - Алматыда.

1 тамыздан бері Қазақстанда 41 940 адам пневмонияға шалдықты, 440 адам көз жұмды. 30 422 адам жазылып шықты.


Жоғары қарай