Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақы жинақтарын пайдалану шетел валютасына сұранысты арттырды – ҰБ

2021 жылдың 12 қазан 2021 10:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында дизель отынының қымбаттауы мен теңге бағамының әлсіреуне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйекте дизель отынына бағаның өсуі 3,8%-ті құрады, ал жекелеген облыстарда 10%-тен асты. Өндірістің өсуіне, сондай-ақ экспорттың тоқтатылуына қарамастан, инфляциялық қысымды күшейтетін және басқа тауарларға жанама әсер ететін дизель отынының тапшылығы байқалады», - деді ол.

Ұлттық банк төрағасы қыркүйекте жылдық инфляция елдегі 13 өңірде жылдам өскенін еске салды.

«Мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне қарамастан, ішкі нарықтағы сұраныс теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсетуде. 2021 жылғы 9 айда биржада екінші деңгейдегі банктердің сатып алуы 19%-ке ұлғайды және 2021 жылғы 7 айда тұтыну тауарлары импортының 25%-ке ұлғаюы аясында орташа алғанда айына 2,6 млрд АҚШ долларына жетті. Фискалдық ынталандыру, зейнетақы жинақтарын пайдалану да импорттың ұлғаюы мен шетел валютасына деген сұраныстың өсу факторы болып табылады», - деді Ерболат Досаев.


Жоғары қарай