Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақы жинағын пайдалану: Басқарушы компанияларға берілетін қаражаттан табыс салығы алынбайды

2021 жылдың 27 қаңтар 2021 20:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан басқарушы қорға берілген қаражаттан табыс салығы алына ма? Бұл сауалға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Құнды қағаздар нарығы департаментінің директоры Еділ Медеу жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін басқарушы компанияның жеке басқаруына аударуы бірреттік зейнетақы төлемін алуға жатпайды. Өйткені, жеке басқаруға беруге болатын зейнетақы жинағы Бірығай жинақтаушы зейнетақы қоры жүйесінде қалады. Осылайша, жеке басқаруға берілген зейнетақы активінен жеке басқаруға берілген сәтте табыс салығы алынбайды», - деп түсіндіреді Еділ Медеу.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.


Жоғары қарай