Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алғысы келетіндер саны азайып келеді - ҰБ

2021 жылдың 12 мамыр 2021 11:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 267 мыңға жуық азамат зейнетақы жинағының бір бөлігін мерзімінен бұрын алды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша салымшылардың зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу бойынша орындалған өтініштерінің саны 1,3 трлн теңге сомасына 266,8 мың болды. Бұл ретте зейнетақы аударымдарын ай сайынғы алу көлемінің төмендегені байқалады: ақпанда 643,4 млрд теңге, наурызда 302,1 млрд теңге, сәуірде 283 млрд теңге», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның дерегінше, тұрғын үй мәселесін шешуге алынған жинақтың 99,4 пайызы жіберілді.

Емделуге 4,7 млрд теңге пайдаланылды.

1 478 азаматтың 3,4 млрд теңге сомасындағы зейнетақы жинағы 4 басқарушы компанияға сенімгерлік басқаруға берілді.

«Өңірлер бөлігінде Маңғыстау облысының, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларының үлесіне барлық алынған жинақ көлемінің 58,4 пайызы тиесілі», - деді Ерболат Досаев.


Жоғары қарай