Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Зейнетақы жинағын инвестициялық басқаруға беру: 61 өтініш түсті

2021 жылдың 24 ақпан 2021 08:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға аудару туралы өтініштер түсе бастады. Бұл туралы ҚазАқпарат Қордың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылдың 22 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын зейнетақы портфелін басқарушыға (ИПБ) аудару туралы 61 өтініш түсті. Аударымның жалпы сомасы 131 млн теңгеден асады.

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару салымшыдан өтініш түскен күннен кейінгі күнтізбелік отыз күн ішінде жүзеге асырылатын болады. Зейнетақы жинақтарының қалған бөлігі Ұлттық банктің басқаруында қалады. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын есепке алуды жалғастырады.

Зейнетақы жинақтарын аудару үшін салымшы БЖЗҚ-ға өтініш жасауы қажет, оны enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы немесе БЖЗҚ-ның кез келген өңірлік бөлімшесіне өзі келгенде беруге болады.

Қазіргі уақытта БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқару туралы үш ИПБ-мен шарт жасасты. Инвестициялық декларацияларын зерделеуді enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» - «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлікпен басқаруына аудару» бөлімінде жүзеге асыруға болады.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

Сонымен қатар, Басқарушы компанияларға берілетін қаражаттан табыс салығы алынбайды. Қазақстандықтар 6 компанияға зейнетақы жинағын инвестициялай алады.



Жоғары қарай