Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Зере» атты қазақстандық фильм Бразилияда өтетін кинофестивальге қатысады

2021 жылдың 9 қазан 2021 20:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық жас режиссердің тұңғыш туындысының тұсауы Сан Паулу қаласында өтетін халықаралық кинофестивальде кесіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Режиссер Дәурен Қамшыбаевтың «Зере» толықметрлі дебют көркем фильмі Сан Паулудағы 45-ші халықаралық кинофестивальде көрсетіледі.

São Paulo International Film Festival - жыл сайын дебютанттар арасында өтетін кинофестиваль.

Халықаралық деңгейде бұл фестивальді Mostra деп те атайды.

Биыл кинофестиваль 21 қазан мен 3 қараша аралығында өтеді. Ал ашылу салтанаты 20 қазанда болады.

Фестиваль үш секциядан тұрады: халықаралық перспектива, арнайы презентация және дебютанттар байқауы.




«Зере» фильмі дебютанттар байқауында бақ сынайды.

Айта кетейік, «Зере» фильмінде басты рөлдерде Берік Айтжанов, Мұрат Бисембин, Ольга Ландина, Адина Бажан, Елжас Рахым және Санұржан Сүлейменов сынды актерлер ойнайды.

Түсірілім былтыр Жамбыл облысы Балқаш көлінің маңында Тайсойған деген жерде жүрген.

Туынды - Qara Production және Libertus Film өнімі.











Автор Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай